Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Air Astana литий батареяларын тасымалдау талаптарын күшейтеді
Жаңалықтар

Air Astana литий батареяларын тасымалдау талаптарын күшейтеді

13.03.2025
1 мин
0
491
Сурет: Air Astana

2025 жылғы 13 наурыздан бастап Air Astana компаниялар тобы ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында литий батареялары мен оларды қамтитын құрылғыларды тасымалдауға қойылатын бақылау шараларын күшейтеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қолданыстағы саясат пен ережелерге сәйкес, қосалқы батареялар, соның ішінде сыртқы аккумуляторлар (пауэрбанктер) мен электронды шылым құрылғылары тек қол жүгінде тасымалдануы тиіс. Егер қол жүгін жүк бөліміне тапсыру қажет болса, жолаушы оның ішінен барлық қосалқы батареяларды алдын ала алып тастауы керек.

Ережелерге сәйкес, батарея сыйымдылығы 100 Вт/с аспауы тиіс. Сыйымдылығы 100-ден 160 Вт/с дейінгі батареяларды тасымалдауға тек әуе компаниясының алдын ала рұқсатымен ғана тасымалдауға алынады, және олардың саны бір жолаушыға екі данадан аспауы керек. Сыйымдылығы 160 Вт/с асатын батареяларды тасымалдауға тыйым салынады. Барлық батареялардың сыйымдылығы тексеріледі, ал сыйымдылығы көрсетілмеген немесе тиісті сертификаты жоқ батареялар тасымалдауға алынбайды.  

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында литий батареялары, сыртқы аккумуляторлар мен электронды шылым құрылғылары тек қол жүгінде тасымалданып, ұшақ салонындағы жүк сөрелеріне орналастырылуы тиіс. Ұшу кезінде батареяларды өзге құрылғыларды қуаттау үшін пайдалану, сондай-ақ оларды қуаттауға тыйым салынады.  

Air Astana және FlyArystan жолаушылардан сапар барысында қолайсыздықтарды болдырмау үшін әуе компаниясының ресми тасымалдау ережелерімен алдын ала танысуды сұрайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл