444.58
510.29
5.27
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Акциз коэффициенті 95 пайызға өсті: жанармай бағасы өзгере ме?
Жаңалықтар

Акциз коэффициенті 95 пайызға өсті: жанармай бағасы өзгере ме?

18.09.2026
мин
0
64
Сурет: stan.kz

Қазақстанда жанармайдың көтерме бағасына байланысты акциз есептеу механизмі қайта қаралды. Белгіленген шектен қымбат сатылған отын үшін есептеуде қолданылатын коэффициент енді 95%-ға жетеді, — деп хаьарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда бензин мен дизель отынына қатысты салық есептеу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Үкіметтің 11 қыркүйектегі №816 қаулысы бойынша жанармайдың көтерме бағасы белгіленген межеден асып кеткен жағдайда қосымша акцизді есептеуге арналған коэффициент 50%-дан 95%-ға дейін артты.

Бұл жерде бір маңызды айырмашылық бар. 95% – бензиннің немесе дизельдің бағасына қосылатын акциз мөлшерлемесі емес. Коэффициент тек көтерме құн белгіленген шектен жоғары болған кезде есептеу формуласының бір бөлігі ретінде пайдаланылады.

Жаңа тәртіп бойынша бензин үшін есептік шек тоннасына 214 584 теңге болып белгіленген. Дизель отыны бойынша бұл көрсеткіш 284 350 теңге.

Демек, жанармайдың көтерме бағасы аталған межеден аспаса, жаңа 95 пайыздық коэффициенттің қолданылуы туралы мәселе туындамайды. Ал баға белгіленген шектен жоғарылаған жағдайда салықтық есептеу өзгереді.

Қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді. Сонымен бірге құжаттағы нормалар 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап пайда болған қатынастарға қатысты қолданылады.

Нарықтағы жаңа тәртіптің нақты салдары 22 қыркүйектен бастап байқалуы мүмкін. Бұл ретте өзгерістің жанармай құю бекеттеріндегі соңғы бағаға ықпалы автоматты түрде есептелмейді, өйткені бөлшек бағаға көтерме құннан бөлек басқа да факторлар әсер етеді.

18 қыркүйектегі жағдай бойынша Астана мен Алматыдағы АИ-92 бензинінің литрі 241–249 теңге аралығында сатылған. АИ-95 бағасы 319–322 теңге шамасында болған.

Сондықтан жаңа ережені «бензинге 95 пайыз акциз енгізілді» деп түсіндіру дұрыс емес. Негізгі өзгеріс – көтерме баға белгіленген шектен асқан жағдайда акцизді есептеу формуласының қатаюы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл