Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Әкесі болуым мүмкін»: Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібекке қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар

«Әкесі болуым мүмкін»: Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібекке қатысты мәлімдеме жасады

12.01.2024
1 мин
3
2909
Фото: Жәнібектің Instagram парақшасынан

Белгілі журналист әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан жайында тағы бір тың мәліметті жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

 «Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан Бельгияға қайтып кеткен Жәнібектің әкесі табылып қалуы мүмкін екенін айтты.  

«Мен, Жәнібектің әкесі болуым мүмкін. ДНҚ анализ тапсырайыншы, деп бір Бауыржан есімді азамат хабарласты. Бүгін Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтеміз», - деп жазды Қымбат Досжан.

Еске салайық, бельгиялық қазақ баласы күзде туған ата-анасын іздеп Қазақстанға келген еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген болып шықты. Ол біраз уақыт туған елінде болып, елді шарлап жүріп анасын іздеді. Бірақ туған анасы сол қалпы табылмады. Бұған дейін Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген 10 әйел зерттеу нысанына алынғанымен, одан ешқандай нәтиже шықпады. Қазір визасының мерзімі аяқталуына байланысты отанынан кетуге тура келді. Дегенмен Жәнібектің Қазақстандағы заңды өкілі Қымбат Досжан іздеу жұмыстары тоқтамайтынын айтты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
303
3 Пікір
A
Aisara 13.01.2024
Табылып ата анасымен қауышса екен
Жауап беру
Ө
Өмірбек Аққайың Лекерқызы 13.01.2024
Кезінде еліміздің қателігіінен қаншама қара көз балаларымыз мұхит асып кетті. Осы қателікті түзейтін уақыт келді, сондықтан шет ел асып кеткен балаларымызға қатысты оңтайлы заң қабылдау керек. Олардың құқығы қорғалу керек. Баланың өмірін бизнеске айналдыру өте ауыр қылмыс. Бұл бір Жәнібек емес қаншама балалар ата-анасын іздеу үстінде. Жас өспейме, жарлы байыма деген қазағым. Міне, осы сөздің дәлелі көздері мөлдіреген әлі оң, солын білмеген бүлдіршіндеріміз міне елін, жерін, ата-анасын іздеп келе бастады. Мұхит асырып жіберген балалардың бәрі бақытты деп айта алмаймын, бақыттымын деген балалардың жанарында да көздерінде де мұң бар. Бұл өте ауқымды тақырып, айтылатын пікір көп, оны осы жерде жеткізу мүмкін емес. Жәнібегіміз ата-анасымен жақын арада қауышуына тілектеспін. Депуттар осы мәселені көтерсе, қолға алса деген ұсынысым бар еді. Рахмет!
Жауап беру
Б
Баян 12.01.2024
Табылуына тілектеспін
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл