Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Су басқан үйін көруге шыққан: Құлсарыда жоғалған ер адамның мәйіті табылды
Жаңалықтар

Су басқан үйін көруге шыққан: Құлсарыда жоғалған ер адамның мәйіті табылды

14.04.2024
1 мин
0
1103
Фото: ҚР ТЖМ

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 6 сәуірде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды.

Бұған дейін ер адамның көлігі табылған. Ол ұлымен бірге су басқан үйін көруге шығып, із-түссіз жоғалғаны хабарланған еді.

Марқұмның қызы құзырлы органдар жоғалған адамдарды іздемейтінін алға тартты. Осыдан кейін қосымша күштер тартылды.

6 сәуірде сағат 17:52-де Атырау облысы ТЖД-ға 48 жастағы ер адам мен оның 24 жастағы ұлы Құлсарыдағы су басқан үйді тексеруге шығып, қайтып оралмағаны туралы хабар келген.

«Хабарлама түскен бойда құтқарушылар аталған мекен-жайға барды. Келген кезде үйдің есігі көбікпен жабылғаны анықталды. 6 сәуірде сағат 20:57-де құтқарушылар жүзу құралдарының көмегімен тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Бүгін ер адамның денесі олардың үйінен 1 км қашықтықта табылды. 24 жастағы жігітті іздеу жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 7 сәуірде Құлсарыда екі адамның денесі табылған еді. 6 сәуірде 1974 жылы туған ер адам досымен бірге тиісті рұқсатсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен кетіп, жолда, аударылған.

9 сәуірде сағат 12:27-де Құлсары қаласында «Рамазан» дүкенінің жанында Атырау облысы ТЖД құтқарушылары судан ер адамның мәйітін тауып алып шықты. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл