Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әкім жолаушы толы автобусты апаттан аман алып қалған оқушыны марапаттады
Жаңалықтар

Әкім жолаушы толы автобусты апаттан аман алып қалған оқушыны марапаттады

25.11.2023
1 мин
0
874
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бақылаусыз жүріп келе жатқан жолаушыларға толы автобусты тоқтатып үлгерген 8-сынып оқушысын марапаттады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қарашада 219-автобустың жүргізушісі кенеттен есін жоғалтып, рульді басқара алмай қалған еді. Қоғамдық көлікте болған Ақжол есімді жас бала тез қимылдап, тежегішті басып үлгерген.

Ерлігі үшін сегізінші сынып оқушысы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қолынан «Алғыс хат» пен iPhone 15 моделін салтанатты түрде алды.

«Мұндай әрекеттер ерекше алғыс пен құрметке лайық. Біз барша жасқа үлгі болуы тиіс өңіріміздің жас батырын мақтан тұтамыз», - деді әкім.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
299
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл