Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әкімдік Назарбаевтар әулеті жерленген зираттағы жаңа қабір жөнінде түсінік берді. Әлеуметтік желілерде Шамалғандағы аталған зираттан жаңа мазар байқалғаны туралы хабарламалар мен фотосуреттер тарады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
БАҚ бұл жерге жуырда Сара Назарбаева жерленген болуы мүмкін деген жорамал айтқан. Осыған байланысты редакция Қарасай ауданы әкімдігіне ресми сұрау жолдады.
Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, зиратқа 2024 жылдың желтоқсанында дүниеден өткен басқа адам жерленген.
- Жерлеу рәсімі барлық діни дәстүрлер мен ғұрыптарға сай өтті. Қазір қабірде жазу мен тақтатастар орнатылмаған. Марқұмның туыстарының айтуынша, жақында құлпытас қойылады, – делінген жауапта.
Сонымен бірге Президент іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпараттың жалған екенін тағы растады.