444.76
495.37
5.37
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қақаған аяз бен аптап ыстыққа бейімделген: елімізде Stadler пойызы алғашқы рейске шықты
Жаңалықтар

Қақаған аяз бен аптап ыстыққа бейімделген: елімізде Stadler пойызы алғашқы рейске шықты

11.11.2026
0 мин
0
244

Қазақстанның теміржол саласында тағы бір жаңалық. 11 қарашада елордадағы “Нұрлы жол” вокзалынан швейцариялық Stadler компаниясының технологиясы негізінде Қазақстанда шығарылған вагондардан жасақталған алғашқы жолаушылар пойызы Алматыға жолға шықты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жаңа пойыз №3/4 бағыт бойынша Астана мен Алматы арасында күн сайын қатынайды. Елордадан сағат 13:10-да жолға шығып, келесі күні таңғы 08:30-да Алматы-2 вокзалына жетеді. Осылайша екі қала арасындағы жол жүру уақыты 19 сағат 20 минутты құрайды.

Жаңа вагондардың ерекшелігі қандай?

Stadler вагондарының басты ерекшеліктерінің бірі – Қазақстанның күрделі климаттық жағдайларына бейімделуі. Олар қыстың 50 градус аязы мен жаздың 45 градус ыстығында пайдалануға есептелген. Ал қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін жетеді.

Жолаушылардың жайлылығына да ерекше көңіл бөлінген. Купе вагондарында 40, ал плацкарт вагондарында 58 адамға арналған орын бар.

Вагондар заманауи климаттық бақылау жүйесімен, жеке жарықтандыру құрылғыларымен және бейнебақылау құралдарымен жабдықталған. Жолаушылар жол бойы электронды құрылғыларын қуаттау үшін 220 вольттық розеткаларды, USB және USB-C қосқыштарын пайдалана алады. Сондай-ақ Wi-Fi желісі қарастырылған.

Мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың қажеттіліктері де ескерілген. Олар үшін арнайы жабдықталған купелер мен қолайлы жағдайлар жасалған. Бұдан бөлек, пойыз құрамында жолаушыларға қызмет көрсететін вагон-буфет бар.

Алғашқы сапар қарсаңында журналистерге жаңа вагондардың ішкі жабдықталуы таныстырылып, техникалық мүмкіндіктері көрсетілді. Салтанатты шара барысында алғашқы жолаушыға естелік сыйлық табысталды.

2030 жылға дейін 557 вагон жеткізіледі

Қазақстанда жолаушылар пойыздарының паркін жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Бүгінде “Жолаушылар тасымалы” АҚ швейцариялық технология бойынша өндірілген 100-ден астам Stadler вагонын қабылдаған.

Жасалған келісімшартқа сәйкес, 2030 жылға дейін еліміздің теміржол паркі 557 жаңа жолаушылар вагонымен толықтырылуы тиіс. Келісімде вагондарды жеткізумен қатар, оларға кейіннен сервистік қызмет көрсету де қарастырылған.

Жаңа вагондар тек Астана мен Алматы арасындағы бағытпен шектелмейді. 13 қарашада Stadler вагондарынан жасақталған келесі құрам “Нұрлы жол – Семей” бағыты бойынша алғашқы сапарына шығады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл