Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алакөл жағалауы шайылып жатыр: Смолякова туристік аймақтарды қорғау үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алакөл секілді танымал туристік бағыттарда жағалау сызығының бұзылуы инфрақұрылымға, бизнеске және демалушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр. Осы мәселе бойынша Мәжіліс депутаты, Respublica партиясының өкілі Екатерина Смолякова Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады.
Депутаттың айтуынша, өңірлерге сапарлар мен кәсіпкерлермен кездесулер барысында туризмнің қарқынды дамуы экологиялық және инфрақұрылымдық тәуекелдермен қатар жүріп жатқанын анықтаған.
- Соңғы жылдары Алакөлдің кей аймақтарында су жағалауды шайып жатыр — тұтас демалыс базаларына қауіп төнуде. Адамдар қаржы салып, жұмыс орындарын ашып отыр, бірақ инженерлік қорғаусыз олардың еңбегі судың астында қалуы мүмкін. Жағалауды бекіту мен толқын сындырғыштар орнату бойынша шұғыл шаралар қажет, — деді Екатерина Смолякова.
Оның айтуынша, жағалауда жұмыс істеп жатқан 300-ден астам кәсіпкер жағалауды қорғауға қатысты кешенді шешімнің жоқтығына алаңдаушылық білдіруде.
Депутаттың пікірінше, жағалауды нығайту — тек экология мәселесі емес, сонымен бірге инвестициялық тұрақтылық пен туризмнің ұзақ мерзімді дамуының кепілі.
- Егер туризм – ұлттық басымдық болса, онда оған салынған миллиардтаған теңгенің қорғалуына кепіл болуымыз керек. Бизнес өз еңбегінің зая кетпейтініне сенімді болуы тиіс, — деді ол.
Смолякова өз сауалында жағалауларды инженерлік қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуді, оған жеке инвесторлар мен өңірлік акиматтарды тартуды ұсынды.
Депутат атап өткендей, Қазақстан бүгінде шетелдік туристер үшін тартымды бағытқа айналып келеді, сондықтан бұл қызығушылық елдің қауіпсіздігі мен экологиялық тепе-теңдігін сақтайтын, тұрақты дамуға бағытталған инфрақұрылымдық саясатпен қатар жүруі қажет.