| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Бүгінде интернет желісінде алаяқтықтың бірнеше түрі таралып жатыр. Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков айтты.
Оның айтуынша, соңғы уақытта елімізде түрлі сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы алаяқтықтың бірнеше түрі анықталған. Мамандар азаматтарға алаяқтардың түрлі айла-тәсілдеріне алданбай, сақ болуға шақырады. Ол қазіргі кезде кең қолданылып жүрген интернет-алаяқтықтың бірнеше түріне тоқталды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде үш жыл аралығында интернетте жасалатын алаяқтық түрі 2 есе артқан. 2020 жылы 1 700 қылмыс анықталып, 400-ден аса адам ұсталған.
Назерке БАЙЖАН
                                                                    
                                                                    Тағы көру