Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды
Жаңалықтар

Алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды

09.01.2026
мин
0
368
Сурет: видео кадрдан

Алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркия Республикасынан бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматшасын елге қайтарды.

Күдікті 2024 жылы Қызылорда қаласында жәбірленушілерге зергерлік бұйымдарды төмен бағамен сатып алып беремін деп уәде беріп, алдау жолымен олардың ақша қаражаттарын иемденген. Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 8 адам жапа шегіп, оларға жалпы сомасы шамамен 130 млн теңгеге материалдық залал келген.

Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті ел аумағынан тыс жерге бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында ол Түркия Республикасының аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл