Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық күтіледі
Жаңалықтар

Алдағы күндері 38 градусқа дейін ыстық күтіледі

05.05.2025
1 мин
0
51
Сурет: qazaly.kz

Қазгидромет 6, 7, 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Атап айтқанда, батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде, ал 8 мамырдан бастап орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарда ауа райы тұрақсыз болады.

Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарында 6–7 мамырда, Маңғыстауда 7 мамырда, Ақтөбеде 7–8 мамырда нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде. Тек Қарағанды облысында ғана жауын-шашын болмайды.

Сондай-ақ елдің оңтүстік-батысында және 8 мамырда оңтүстік-шығысында құмды дауыл соғуы ықтимал.

Синоптиктердің болжамынша, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнгі және таңғы уақытта үсік жүруі мүмкін.

Ауа температурасы өңірлерге байланысты өзгеріп отырады.

Батыс аймақтарда күн 23–30 градустан 21–26 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстік пен шығыста ауа температурасы 24–29 градусқа дейін көтеріледі.

Орталық өңірлерде күн 27–35 градусқа дейін ысиды.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста аптап ыстық 38 градусқа дейін жетеді деп күтілуде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл