Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлемдегі ең бай адам кім?
Жаңалықтар

Әлемдегі ең бай адам кім?

28.02.2023
1 мин
2
1856

Tesla мен SpaceX-ті басқаратын және Twitter-дің иесі Илон Маск тағы да әлемнің ең бай адамы атанды, деп хабарлайды Dauletten.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл титул LVMH (Louis Vuitton Moet Hennessy) президенті Бернард Арнонда болған еді.

Илон Маск активтері биылғы жылы Tesla Inc акциялары құнының 70 пайызға жуық өсуінің нәтижесінде артты. Сондай-ақ компания бірнеше модельдердің бағасын төмендеткеннен кейін электр көліктеріне сұраныс өсті.

Bloomberg-тің рейтингіне сәйкес, Масктың байлығы 187,1 миллиард долларға бағаланады. Бұл 185,3 миллиард долларға бағаланған 73 жастағы Бернард Арноның байлығынан сәл артық.

Масктың қайырымдылыққа жұмсаған қаражаты оның жеке капиталына көп әсер етпеген. Кәсіпкер өткен жылдың тамыз-желтоқсан айларында 11,6 миллион Tesla акциясын аталмаған қайырымдылық мақсаттарға берген.

Tesla инвесторлары Масктың қазан айында алған Twitter-ге тым көп көңіл бөлетініне алаңдаушылық білдірді. Сол уақытта электромобиль өндірушісі саладағы бәсекелестіктің күшеюіне тап болды.

Фото: ашық дереккөз

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
Г
Гаяшпс 21.04.2023
Илон маск
Жауап беру
Р
Роза 01.03.2023
Жұғысты болсын бәрімізге!
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл