| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
Worldboxingnews.net сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік 50 боксшысының тізімін жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Рейтинг көшбасшысы украиналық боксшы Александр Усик болды. Екінші орында жапондық Наоя Иноуэ. Үшіншісі сатыда - мексикалық Сауль Альварес.
Сондай-ақ үздік ондыққа Эррол Спенс, Дмитрий Бивол, Теренс Кроуфорд, Девин Хэни, Джермелл Чарло, Хуан Франсиско Эстрада және Шакур Стивенсон кірді.
Қазақстандық боксшыларға келсек, World Boxing News рейтингінде Геннадий Головкин 27-ші, Жәнібек Әлімханұлы 48-ші орынға табан тіреді.
Головкин орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы болса, Әлімханұлы осы дивизионда WBO белдігінің иегері.
Фото: inbusiness.kz