Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі: Президент Қытай делегациясымен кездесті
Жаңалықтар

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі: Президент Қытай делегациясымен кездесті

17.09.2025
мин
0
77

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIІI съезіне қатысып жатқан Қытай делегациясымен кездесті, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік даошылар федерациясының төрағасы Ли Гуанфу, Қытай буддашылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Цзин Бо және ҚХР Дін істері жөніндегі бас басқармасының әкімшілік департаменті бастығының орынбасары Сунь Вэй бастаған делегацияны қабылдады. ✔️Президент жаһандық өркениетаралық диалогты дамытуда Қытайдың сындарлы рөл атқаратынын, сондай-ақ бұған Төраға Си Цзиньпин зор үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы бейбітшілік пен үйлесім идеясын ілгерілетуде будда және дао ілімдерінің орны ерекше екенін айтты. Сонымен қатар екі елдің дін ісіне жауапты мемлекеттік органдары арасындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды. ✔️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жұмыс Қазақстан мен Қытайдың мәңгі стратегиялық серіктестігін нығайтуға, өзара сенімді дамытуға, бейбітшілік пен келісімнің ортақ құндылықтарын дәріптеуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл