Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлем өсті
Жаңалықтар

Әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлем өсті

13.05.2022
1 мин
3
3855

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлем мөлшері 9% - ға артты. Бұл туралы  Еңбек министрлігіне хабарлады.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері 5% - ға, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша 4% - ға өсті. Төлемдердің жиынтық мөлшері өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 9% - ға артты. 

МӘСҚ-нан төленетін төлемдерді әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмыс істейтін қатысушылары базалық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша алады.

Мәселен МӘСҚ-нан еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді 81,6 мың адам алады. Егер мүгедектігі бойынша бюджеттен төленетін жәрдемақылардың орташа мөлшері 54 608 теңге болса, онда МӘСҚ төлемдерін ескере отырып, азаматтар барлығы 84 353 теңге алады.

МӘСҚ-нан асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді 54,2 мың адам алады. Егер асыраушысынан айырылу бойынша бюджеттен төленетін жәрдемақылардың орташа мөлшері 45 627 теңге болса, онда МӘСҚ төлемдерін ескере отырып, азаматтар барлығы 76 443 теңге алады.

Осылайша, жұмыс істейтін азаматтарға төленетін төлемдердің орташа мөлшері әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын алушыларға төленетін төлемдерге қарағанда шамамен 30 мың теңге жоғары.

МӘСҚ-нан жоғары мөлшердегі әлеуметтік төлемдер сәуір және мамыр айларындағы қосымша ақыны ескере отырып, осы жылдың маусым айында аударылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
300
3 Пікір
ж
жасулан 15.05.2022
керемет
Жауап беру
Г
Гульнар 15.05.2022
1 балалар күніне орай ақша төленеме
Жауап беру
А
Арайлым 14.05.2022
Менын мамам асыраушысынан айырылган, бырак 30 мын гана алады гой кайдагы 74 мын
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл