| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түркістан облысы Алғабас ауылындағы жеке тұрғын үйден шыққан өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз бала көз жұмды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына мәліметінше, қыз бала 2025 жылғы 30 қарашада көз жұмған. Ол ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.
Көрсетілген интенсивті терапияға, бейінді мамандардың (соның ішінде республикалық санитарлық авиацияның 4-деңгей мамандарының) кеңестеріне, реанимациялық және дезинтоксикациялық шаралардың толық кешенінің жүргізілуіне қарамастан, орталық жүйке жүйесіне ауыр зақым келген қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.