| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда алименттен жалтарған "әкелерді" прокуратура Яндекс Такси арқылы анықтайды, – деп хабарлайды Dauletten.kz
Алматы прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan компания ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның негізгі мақсаты - алимент төлеуден жалтарғандарды анықтау.
Қолданылып жатқан тиісті шараларға қарамастан, ресми түрде жұмыссыз, бірақ іс жүзінде Яндекс Такси арқылы табыс тапса да, алимент төлемейтін азаматтар біршама.
Өткен жылы Яндекс Таксиде табысын жасырып жүрген 110 азамат анықталған. Тіркелген деректерге сәйкес 57-сіне әкімшілік шара қабылданып, 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.
– Келісім, жүйелі және заңды ақпараттық өзара іс-қимылды, жедел мәлімет алмасуды, сондай-ақ кірістерді жасыру және алименттік берешектің пайда болу фактілерін анықтауға және жолын кесуге жәрдемдесуді көздейді, - дейді прокурорлар.