Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Алматы-2" вокзалында өрт шықты

29.11.2022
1 мин
0
703

Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызметі "Алматы-2" темір жол вокзалында тұтанған өртті сөндірді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Өрт туралы ақпарат кезекші бөлімге 14:08-де келіп түскен. 

"Жетісу ауданы, Абылайхан даңғылы, 1, "Алматы-2" темір жол вокзалы ғимаратында төбе жабынының өртенуі туралы хабарлама келіп түсті", – деді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері. 

Жалынды ауыздықтау үшін 43 қызметкер мен 14 бірлік техника жұмылдырылған. Жалын ғимарат шатырының 100 шаршы метрін шарпыған. Өрт кезінде адамдар өз беттерінше сыртқа шыққан. 

"Зардап шеккендер жоқ. 14:30-да өрт ауыздықталды, 14:50-де толығымен сөндірілді", – деп қосты министрлік өкілдері.
Қазір вокзал қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Пойыздар кешіктірілген жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл