470.8
545.99
6.6
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы аспанында өткен өнер кеші: «Jas Gala» жеңімпаздары анықталды
Жаңалықтар

Алматы аспанында өткен өнер кеші: «Jas Gala» жеңімпаздары анықталды

24.05.2026
мин
0
267

Алматы қаласында жастар шығармашылығын қолдауға бағытталған ауқымды мәдени жобалардың бірі - «JAS GALA» студенттік көктем шығармашылық фестивалі өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өткен байқау биыл бесінші рет қала жастарының ең ірі шығармашылық алаңына айналды.

2026 жылғы 23 мамыр күні «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте фестивальдің финалы мен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Алматының әсем көрінісі аясында ұйымдастырылған кеш шығармашыл жастардың үлкен мерекесі болды.

«JAS GALA» шығармашылық байқауы 2026 жылғы 31 наурызда ресми түрде жарияланып, екі ай көлемінде қала жастары белсене қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты - талантты әрі дарынды жастардың кәсіби өсуіне мүмкіндік беру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және жастар арасында мәдени-рухани құндылықтарды дәріптеу.

Фестиваль 5 бағыт бойынша ұйымдастырылды: вокал, хореография, театр, аспапта орындау және мобилография. Байқау университетішілік және қалалық кезеңдерден тұрды.

Фестивальдің басты ерекшелігінің бірі – оның тек шығармашылық алаң ғана емес, жастар арасында маңызды қоғамдық құндылықтарды насихаттайтын жобаға айналуы болды. «JAS GALA» фестивалі «Заң мен Тәртіп», «Таза Қазақстан» және «Адал азамат» қағидаттарын негізге ала отырып ұйымдастырылды.

Жобаға Алматы қаласындағы 26 жоғары оқу орнынан жалпы саны 2267 өтінім келіп түсті. Оның ішінде: вокал бағыты бойынша – 496, театр бағыты бойынша – 328, хореография бойынша – 658, аспапта орындау бойынша – 456, мобилография бойынша – 329 өтінім тіркелді.

Бұл көрсеткіштер фестивальдің жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие болғанын аңғартады.

Фестивальдің жартылай финал және финалдық кезеңдеріне еліміздің танымал өнер майталмандары, мәдениет қайраткерлері қазылық етті. Олардың қатарында Айжан Нұрмағамбетова, Болат Әбілманов, Әсет Иманғали және Байғали Есеналиев секілді белгілі тұлғалар болды.

Фестиваль қорытындысы бойынша барлық бағыттарда үздіктер анықталып, жалпы жүлде қоры 7 500 000 теңгені құрады. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталса, арнайы номинация иегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Гала концертке Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Оралбекұлы қатысып, жастарға құттықтау тілегін жеткізді. 

- Бүгінгі жастар – елдің ертеңі ғана емес, қазіргі қоғамның қозғаушы күші. Сіздердің өнерге, шығармашылыққа және жаңа идеяларға деген талпыныстарыңыз Алматының жастар ортасын жаңа деңгейге көтеріп келеді. Осындай алаңдар талантты жастарды біріктіріп, олардың өз қабілетін көрсетуіне мүмкіндік береді. Кішкентай ғана жоба бүгінде Алматының 5000-ға жуық студентінің басын біріктіретін үлкен фестивальге айналды. Барша қатысушыларға сәттілік, шабыт және жаңа жетістіктер тілеймін. Марапаттарыңыз құтты болсын! - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Сонымен қатар жастарды құттықтауға қазақ эстрадасының жұлдыздары Мақсат Рахмет, Өктем Алтай арнайы келіп, жастарға ән шашуымен бөлісті.

Вокал бағыты бойынша бас жүлдені Нархоз университетінің студенті Мархаен Манус (Marhaen Manus) иеленді. Екінші орын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Шахзод Сана мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Төреханов Даниярға бұйырды. Ал үшінші орын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының студенті Жұмағазы Рахым, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенті Төкен Ернар және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Алиякбар Жібекке табысталды.

Хореография бағыты бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Primerose» би тобы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Black Swan» және Азаматтық авиация академиясының «SKY» топтарына берілді. Үшінші орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «TopArt» тобына, Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Aues dance club» ұжымына және Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Satbayev’s Fire» тобына бұйырды.

Аспапта орындау бағытының топтық санатында бірінші орынды Асфендияров атындағы Қазақ медициналық университетінің «Дала сазы» ансамблі иеленді. Екінші орынды М.Тынышпаев атындағы ALT университетінің «ART Домбыра» ұжымы еншіледі. Ал Нархоз университетінің «Тәуекел» және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің «Қазына» топтары үшінші орынға лайық деп танылды.

Жеке орындау санатында Қазақ-Британ техникалық университетінің студенті Смағұл Темірлан жеңімпаз атанды. Осы университеттің тағы бір студенті Құрманғали Рамазан екінші орынды иеленсе, Азаматтық авиация академиясының студенті Қуан Дария үшінші орынға тұрақтады.

Театр бағыты бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік «БІЗ» театры бірінші орынды жеңіп алды. ALT университетінің “SALT” командасы екінші орынды иеленсе, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің “Өнер жастан” командасы мен Азаматтық авиация академиясының “AVIART” театры үшінші орынға ие болды.

Мобилография бағыты бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Өмірзақ Ғайни бас жүлдені иеленді. Екінші орын Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің студенті Оңайбай Жанарыс пен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Зейдінәби Аружанға бұйырды. Үшінші орын Алматы технологиялық университетінің студенті Серікқали Алиге, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенті Артықбай Заринаға және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Жанұзақ Алиханға табысталды.

Фестиваль аясында «Үздік жастар ісі комитеті төрағасы» және «Үздік шығармашыл ЖОО» анықталды. Үздік жастар ісі комитеті төрағасы болып ALT университетінен Ембергенова Сабина Аскаровнатанылса, Үздік шығармашыл ЖОО – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті болды. 

Фестиваль барысында жастардың шығармашылық ізденісі, сахна мәдениеті мен өнерге деген қызығушылығы ерекше байқалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «JAS GALA» тек байқау ғана емес, талантты жастарды біріктіретін үлкен мәдени платформаға айналып келеді.

Алматы аспанында өткен бұл кеш қатысушылар мен көрермендер үшін ұмытылмас әсер сыйлады. 1000 метр биіктікте өткен марапаттау рәсімі жастар шығармашылығының биігін, армандардың асқақтығын және Алматының ерекше рухын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл