Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда №25 орта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін оқушылар мен қызметкерлер шұғыл қауіпсіз жерге шығарылды.
Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан №25 білім мекемесінде қаланың жедел және төтенше қызметтері алғашқы ден қою шаралары аясында тексеру жүргізді.
Оқушылар мен ұстаздар тез арада эвакуацияланды.
«Белгілі болғандай, мектеп ғимаратын тексеру кезінде жарылыс зат табылған жоқ»,- деді Салтанат Әзірбек.
Қазір полиция мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар таратқан адамның кім екенін анықтап жатыр.
Фото: ашық дереккөзден