454.46
527.72
5.25
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
    Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай өндірісі жобасы жүзеге асырылуда
Жаңалықтар

Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай өндірісі жобасы жүзеге асырылуда

09.09.2026
мин
0
46

Алматы облысында құны 18,1 млрд теңге болатын заманауи, толық өндірістік циклді жылыжай кешенін салуға арналған инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жоба отандық жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, оларды сақтау инфрақұрылымын дамытуға және ішкі нарықты азық-түлік өнімдерімен қамту деңгейін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жобаны «Alatau Green Production» серіктестігі қолға алған. Кешеннің жалпы аумағы 16 гектарды құрайды. Оның 8 гектарына көкөніс дақылдарының жоғары өнімді будандарын өсіру жоспарланған. Жоба аясында маусымдық көкөніс өнімдерін сапасын сақтай отырып, ұзақ уақыт бойы сақтауға арналған қойма және инженерлік инфрақұрылым да құрылады. Кешеннің жылдық өндірістік және қоймалық қуаты 12 мың тоннаға дейін жеміс-көкөніс өнімін құрайды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорынның іске қосылуы өңір экономикасының дамуына қосымша серпін беріп, Алматы облысының жалпы өңірлік өнімін жыл сайын 8–10 млрд теңгеге арттыруға мүмкіндік береді.

Өндіріс көлемінің ұлғаюы, өнімді сақтау инфрақұрылымының дамуы және делдалдар санын азайту есебінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын 10%-ға төмендету көзделіп отыр. Қазіргі уақытта Алматы облысында жалпы аумағы 87,2 гектарды құрайтын 49 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді. Оның ішінде 19-ы өнеркәсіптік және 19-ы шаруа қожалықтарына тиесілі жылыжайлар.

Жылыжайларда өндірілетін өнім көлемі 15,9 мың тоннаны құрады. Оның ішінде 9,3 мың тоннасы – қызанақ, 5,8 мың тоннасы – қияр, 0,8 мың тоннасы – көк шөп.

Өндірілген өнімнің негізгі бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысында сатылады. Сонымен қатар өңір кәсіпорындары өнімдерін шетелдік нарықтарға да шығарады. Жылыжай өнімдерінің экспорт көлемі 1 434,3 тоннаны құрады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл