| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында 1Win бренді арқылы заңсыз интернет-казино ұйымдастырды деген күдікпен қылмыстық топтың қызметі әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ведомство мәліметінше, күдіктілер онлайн-платформа арқылы ойындар мен бәс тігу қызметін ұсынып келген. Қаржылық операциялар банктік карталар, түрлі төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүргізілген.
Тергеу барысында заңсыз қызметті жасыру үшін жалған тұлғалардың атына тіркелген бірнеше компания пайдаланылғаны анықталған. Бұл қаржы ағындарын бүркемелеуге және бақылаудан тыс қалдыруға бағытталған схема болғаны айтылды.
Қазіргі уақытта күдіктілер халықаралық іздеуге жарияланып, сот санкциясымен сырттай қамауға алынған.
Сот шешімімен жалпы құны 420 миллион теңгеден асатын мүлік пен қаражатқа тыйым салынды. Олардың қатарында қымбат автокөліктер мен банк шоттарындағы қаражат бар.
ҚМА өкілдері тергеу амалдары жалғасып жатқанын хабарлады.