467.58
543.66
6.44
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы облысында әйелін көлікпен қаққан күдікті құқық қорғау органының қызметкері ме?
Жаңалықтар

Алматы облысында әйелін көлікпен қаққан күдікті құқық қорғау органының қызметкері ме?

18.05.2026
мин
0
109
Сурет: ғаламтордан

Алматы облысында әйел адамды көлікпен қағып, өліміне себеп болды деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. Әлеуметтік желілерде күдіктінің полиция қызметкері болуы мүмкін деген ақпарат тарады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы облысында әйел адамды көлікпен қағып кеткен оқиғаға байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Полиция мәліметінше, қайғылы жағдайға қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Оқиға салдарынан әйел ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Қазір тергеу органдары болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Ведомство бұл іс облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екенін мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде күдіктінің құқық қорғау органдарының қызметкері болуы мүмкін деген ақпарат кең тараған. Алайда полиция бұл мәліметті әзірге растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Құқық қорғау органдары Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын хабарлады. Қазіргі уақытта ресми түрде тек әйелдің қаза болғаны, күдіктінің ұсталғаны және тергеу жүріп жатқаны ғана нақтыланған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл