469.52
553.75
6.15
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы облысында деструктивті ағымдардың алдын алу шаралары күшейтілді
Жаңалықтар

Алматы облысында деструктивті ағымдардың алдын алу шаралары күшейтілді

17.04.2026
мин
0
447

Өңірде қоғамдық келісімді нығайтуға және деструктивті ағымдардың таралу қаупін сейілтуге бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары белсенді жүргізіліп жатыр. Тұрғындардың діни-құқықтық сауаттылығын арттырып, теріс идеологияларға қарсы танымдық қалқан қалыптастыруды көздеген бұл шаралар 14 сәуірде Алатау қаласында басталса, 16 сәуірде Қарасай ауданында өз жалғасын тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жиын барысында теологтар, сарапшылар мен жергілікті билік өкілдері халықпен тікелей байланыс орнатып, қоғамдағы ең түйткілді мәселелерді ашық талқылады. Мәселен, Алатау қаласының Заречное және Жетіген шағынаудандарында өткен кездесуде дінтанушы Бақдәулет Әбдіхамитов жастарға сыни ойлауды дамытудың маңызын түсіндіріп:

- Ғаламтордағы кез келген ақпаратты бірден шындық деп қабылдамай, оған күмәнмен, сыни көзқараспен қараған жөн, – деп атап өтті.

Бұл кеңесті мектеп оқушылары да қостап, TikTok, Instagram, VK сияқты желілердегі жалған ақпараттарды сүзгіден өткізуді үйренгендерін жеткізді.

Ал 16 сәуір күні ақпараттық-түсіндіру эстафетасы Қарасай ауданының орталығы – Қаскелең қаласына ауысты. Мұндағы кездесулер халықтың нақты топтарымен, тікелей сұхбат форматында өтті. Дінтанушы Тимур Нүсіпханов Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепте медициналық екпеден бас тартқан ата-аналармен арнайы жүздесті. Маман дін мен медицинаның аражігін ашып көрсетіп, бала денсаулығы мен өміріне төнетін қауіптер туралы жан-жақты мағлұмат берді.

Бұдан бөлек, Қаскелеңдегі «Жер-Ана» базарында саудамен айналысатын, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар арасында да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құрғақ лекцияларсыз, қарапайым әрі ұғынықты тілмен өткен бұл әңгімелесу барысында саудагерлерге қауіпті діни ағымдардың психологиялық манипуляцияларынан қалай қорғану керектігі түсіндірілді.

Мұндай ашық форматтағы кездесулер халықтың көңілінен шықты. Қатысушылар өз пікірлерін білдіре отырып:

- Бұндай іс-шаралар көптеп өтуі керек. Себебі қауіпті діни ағымдар қарапайым азаматтардың өміріне, денсаулығы мен отбасының шырқына тікелей зиян тигізуі мүмкін, – деп, мамандарға ризашылықтарын білдірді.

Алматы облысының Дін істері басқармасы және жергілікті әкімдіктердің бірлескен күшімен жүзеге асқан бұл бастама – ел ішіндегі ынтымақ пен қауіпсіздікті сақтаудың маңызды кепілі. Халықтың діни танымын дұрыс бағыттауға арналған мұндай мағыналы шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл