Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы облысында діни экстремизмнің алдын алу бойынша сарапшыларға арналған семинар өтті
Жаңалықтар

Алматы облысында діни экстремизмнің алдын алу бойынша сарапшыларға арналған семинар өтті

27.02.2026
мин
0
107

26 ақпанда Алматы облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында жұмыс жасап жүрген ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған маңызды бір күндік оқыту семинары өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жиын басында Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке сөз сөйлеп, халық арасында жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының айрықша маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау ісі сарапшылардың кәсібилігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Семинардың басты мақсаты – халық алдында сөз сөйлейтін мамандардың біліктілігін арттырып, оларды заманауи әдіс-тәсілдермен қаруландыру. Оқыту барысында қатысушылар көпшілік алдында сөйлеудің және күрделі рухани мәселелерді түсіндірудің ең маңызды аспектілерін меңгерді.

Халықпен жұмыс істеу – жалаң сөзбен емес, адамның жан дүниесіне үңіліп, оның жүрегіне жол таба білу өнері. Семинар барысында меңгерілген дағдылар сарапшыларға кез келген ортада жасандылықсыз, шынайы әрі сенімді диалог орнатуға көмектеседі. Енді олар еліміздің ертеңі – жалындаған жастардың көкейіндегі сұрақтарға дөп түсіп, тіршілік қамымен жүрген қарапайым еңбеккерлерге, ұстаздар мен дәрігерлерге, тіпті тыныштығымызды күзеткен әскерилер мен тәртіп сақшыларына ойын әсерлі жеткізе алады. Ең бастысы, бұл білім өмірдің қиындығына тап болған әлеуметтік осал топтарға, жұмыссыздар мен еңбек мигранттарына, атажұртты аңсап келген қандастарымызға рухани демеу болу үшін ауадай қажет. Ал діндар қауыммен немесе темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан азаматтармен тілдескенде, бұл тәжірибе діни ұғымдардың бұрмалануына тосқауыл қойып, адасқан жандарды мейіріммен тура жолға бастаудың басты құралына айналмақ.

Алматы облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры ұйымдастырған бұл шара тек білім беру алаңы ғана емес, өңірдің рухани қауіпсіздігін сақтау жолында тер төгіп жүрген мамандардың жігерін жаныған маңызды басқосу болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл