Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысының Іле ауданында оқушыларды тасымалдап бара жатқан автобус пен Hyundai Accent автокөлігі соқтығысты. Қайғылы оқиға "Сокол" саяжай қоғамы аумағында болған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полицияның хабарлауынша, жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал қасындағы жолаушысы ауруханада қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда автобустан балалардың шыққаны, олардың айқайлаған дауыстары естілгені байқалады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде автобусқа жол бермей соқтығысқан.
Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталып жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауына алынған.