466.33
538.47
5.9
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы облысында пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды
Жаңалықтар

Алматы облысында пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды

06.04.2026
мин
0
73

Алматы облысында 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап пластикалық терезелерді күшпен ашу арқылы ұрлық жасаған пәтер ұрылары құрықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаскөйлер алтын бұйымдарды, ақша және басқа да құнды заттарды ұрлап, жалпы 21 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 20 наурызда криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Олардың тоғыз пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды. Пәтер ұрлығымен айналысқан тағы бір қылмыстық топ 24 наурызда Алматы облысы аумағында ұсталды. Олардың есебінде үш қылмыс бар. Бұл топта 14 және 17 жастағы жасөспірімдер болған.

Тұрғын үйлерді қылмыстық әрекеттерден қорғау үшін ІІМ азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

• сапалы құлыптары бар сенімді есіктерді орнату;

• төменгі және жоғарғы қабаттардағы терезелерге торлар қою;

• заманауи қауіпсіздік құралдарын пайдалану: дабыл, бейнебақылау жүйелері, сондай-ақ күзет ұйымдарының орталықтандырылған бақылау пультіне қосылу;

• әлеуметтік желілерде құнды заттар және олар қойылған жер туралы ақпарат жарияламау;

• ірі көлемдегі ақша мен зергерлік бұйымдарды қолжетімді жерлерде сақтамау.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл