Brent
WTI
kz
kz ru
Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

Алматы облысында пайдаланылмай жатқан 3,25 млн га жер анықталды

02.07.2022
мин
0
386

2019-2022 жылдар аралығында 3,25 миллион гектар анықталды. Биыл Алматы облысының прокурорлары 310,5 мың гектар жайылымдық жердің мақсатқа сай пайдаланылмай жатқанын анықтады.

 

Алматы облысында жер заңнамасы саласындағы өзекті мәселенің бірі  – мақсат  бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің болуы, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

 «2019-2021 жылдарға және биылғы жылдың өткен кезеңіне қадағалау актілерін қарау қорытындысы бойынша небәрі 360,7 мың гектар жайылым қайтарылды, 1,31 миллион гектар жайылым ауыл шаруашылығы айналымына берілді (яғни, меншік иелері оларды пайдалана бастады). Осылайша, атқарылған жұмыст нәтижесінде пайдаланылмай жатқан жайылымдық жер көлемі 3,2 миллион гектардан 1,75 миллион гектарға қысқартылды, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда»  делінген хабарламада.

 

Прокурорлар 48 қадағалау актісін енгізіп, 49 лауазымды тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартты, заңсыз берілген 15,9 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Олар 1,18 миллион гектар жерді мал жаюға, тағы 1,7 миллион гектар жайылымдық жерді  бекітуді жоспарлап отыр.

0 Пікір
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл