487.02
552.23
6.51
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы облысында полиция қызметкерінің өртенген мәйіті табылды
Жаңалықтар

Алматы облысында полиция қызметкерінің өртенген мәйіті табылды

24.06.2026
мин
0
134
Суреи: ozgeris.info

Алматы облысының Кеген ауданында полиция қызметкерінің өртенген мәйіті табылды. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, марқұмның жақын туыстарын ұстады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы облысының Кеген ауданында ер адамның өртенген мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қайғылы оқиға туралы ақпарат 23 маусым күні полицияға түскен.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, таулы аймақтан адам мәйітінің табылғаны жөнінде хабарлама алғаннан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген.

Тергеу барысында қаза болған адамның жеке басы анықталып, оның полиция қызметкері екені расталды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм Алматы қаласындағы Әуезов аудандық полиция басқармасында қызмет атқарған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бірнеше күдікті қолға түсті. Олардың арасында марқұмның жұбайы мен ұлы бар. Қазіргі уақытта барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл