| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында бірнеше жекеменшік стоматологиялық мекеме шынайы көрсетілмеген қызметтерді 4 597 адамға жасалғандай етіп тіркеп, мемлекеттік сақтандыру қорынан миллиондаған қаражат алғаны анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу мәліметіне сәйкес, клиника директоры «Дамумед» ақпараттық жүйесіне ем қабылдамаған адамдар туралы жалған мәлімет енгізген. Бұрын емханаға келген пациенттердің жеке деректері мен дәрігерлердің есептік жазбалары пайдаланыла отырып, жалпы 4 597 жалған медициналық қызмет тіркелген.
Мемлекетке келтірілген шығын 66 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта күдіктінің 23 миллион теңге ақшасы мен 29 миллион теңге құны бар құрал-жабдықтары бұғатталған, ал өзі үй қамауында отыр. Күдікті шығынның 11 миллион теңгесін қайтарған.
Айта кетейік, бұған дейін зейнетақы қорынан тіс емдеуге 200 млрд теңге заңсыз алынған жағдай анықталған. Сол кезде 42 стоматологиялық мекеме жалған құжат жасап, қордан қаражат алуға көмектескен.