491.37
570.48
6.78
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматы облысындағы жеке үйден 28 келі синтетикалық есірткі тәркіленді
Жаңалықтар

Алматы облысындағы жеке үйден 28 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

15.06.2026
мин
0
62
Сурет: police.kz

Қарасай ауданында орналасқан жеке үйлердің бірінен синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхана анықталды. Полиция ірі көлемдегі дайын өнім мен химиялық заттарды тәркіледі, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы облысының Қарасай ауданында есірткі өндірумен айналысқан жасырын зертхананың қызметі тоқтатылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 29 жастағы азамат жеке тұрғын үйді арнайы сатып алып, оны синтетикалық есірткі дайындайтын орынға айналдырған. Тергеу барысында оның қажетті зертханалық құрал-жабдықтар мен химиялық реагенттерді интернет арқылы тапсырыс беріп отырғаны анықталған.

Тінту жұмыстары кезінде құқық қорғау органдары 28 келіден астам дайын альфа-PVP есірткісін, 880 литр химиялық прекурсорларды және есірткі өндіруге арналған арнайы жабдықтарды тәркіледі.
Мамандардың бағалауынша, алынған есірткінің жалпы көлемі шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл