| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы лауазымына Мирас Гайсин тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мирас Гайсин 1987 жылы Алматы қаласында туылған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы ретінде бастаған. Кейінгі жылдары Алматы және Астана қалалары әкімдіктерінің Табиғи ресурстар басқармаларында әртүрлі басшылық қызметтер атқарды.
2023 жылдан - Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары.