| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін күндіз Жетісу мен Алматы облыстарында жер сілкінісі тіркелді. Қауіп-қатер деңгейі төмен деп бағаланып, зардап шеккендер мен қиранды туралы хабарлама түскен жоқ, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгін сағат 13:42-де Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық зерттеу институты Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым қашықтықта орналасқан.
Жетісу облысының Панфилов, Ақсу, Сарқанд, Текелі аудандары мен кейбір ауылдарында жер сілкінісі 3 баллға дейін сезілген. Ал Талдықорған қаласы мен басқа елді мекендерде дүмпудің күші 2 балл болған.
Алматы облысының Ұйғыр және Еңбекшіқазақ аудандарының кейбір ауылдарында да жер сілкінісі байқалған. Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметіне зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы ақпарат түспеген.