| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда18 жүк көлігін заңсыз тіркеген қызметкерлер кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, заңбұзушылық 2023 жылы орын алған. Арнайы ХҚКО қызметкерлері 18 жүк көлігін жалған құжаттардың негізінде тіркеп, көліктердің шығарылған жылын әдейі өзгерткен.
Соның салдарынан мемлекет бюджеті алғашқы тіркеу кезінде алынуы тиіс алымдардың бір бөлігін толық көлемде ала алмаған. Келтірілген шығын 164 млн теңгені құраған.
Тергеу барысында жиналған дәлелдер мен сот сараптамалары айыпталушылардың кінәсін толық растады. Кейін мемлекетке келтірілген залал толық өтелгені белгілі болды.
Сот үкімімен аталған қызметкерлер кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.