Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда 23 адам ата-ана құқығынан айырылды
Жаңалықтар

Алматыда 23 адам ата-ана құқығынан айырылды

12.09.2023
1 мин
0
527

Оған себеп, балаларына дұрыс тәрбие бермеуінде, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен жалпықалалық 13 жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген.

Нәтижесінде 357 жасөспірім, сондай-ақ 380 қолайсыз отбасы анықталып, есепке алынды. Бүгінде ІІО-да есепте 393 жасөспірім және 583 қолайсыз отбасы бар. Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 653 кәмелетке толмаған бала орналастырылды. 

«Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде (сағат 22:00-ден кейін) және тұрғын үйлерден тыс жерде (сағат 23:00-ден кейін) болғаны үшін 5 мың 640 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің басшысы Жанна Шонжанова.

Сондай-ақ ол қала және аудандар әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялармен өзара іс-қимылдың кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алудың негізгі тұтқаларының бірі саналатынын айтты. Жыл басынан бері комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты түрлі деректер бойынша 250 материал қаралып, 23 ата-анаға ата-ана құқығынан айыру түріндегі шара қолданылды. Тағы 539 ата-ана балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл