Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда 23 жастағы фельдшер жол апатынан көз жұмды
Жаңалықтар

Алматыда 23 жастағы фельдшер жол апатынан көз жұмды

03.12.2025
мин
0
155
Сурет: zakon.kz

Саин көшесіндегі апат тағы бір жастың өмірін қиды: жедел жәрдемге шұғыл шақыртуға кеткен 23 жастағы фельдшер ауруханада жан тапсырды, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Алматыда 3 желтоқсанға қараған түні Алатау ауданында жедел жәрдем көлігі мен Kia автокөлігі соқтығысты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жедел жәрдем көлігі бұрылыс жасаған сәтте, Саин көшесімен жоғары жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік соққан. Қатты соққының салдарынан екі көліктегі жүргізушілер мен жолаушылар түрлі жарақат алған.

2002 жылы туған жас фельдшер алған жарақатынан ауруханада қаза тапты. Ол науқастардың өмірін сақтау жолында қызмет атқарып жүрген жас маман еді.

Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл