Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда аса ірі көлемде есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді
Жаңалықтар

Алматыда аса ірі көлемде есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді

25.12.2025
мин
0
161

Алматыда аса ірі көлемде есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында каннабистік топқа тиесілі есірткі заттарын аса ірі көлемде тасымалдаумен, сақтаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық әрекетті тоқтатты.

Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан 10 келіден астам гашиш тәркіленді. Есірткі құралдары еліміздің басқа өңірінен Алматы қаласына жеткізіліп, мегаполис аумағында таратылуы жоспарланған. Аталған дерек бойынша күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. - Бұл нәтижелер полицияның есірткі жеткізу арналарының жолын кесуге бағытталған жүйелі әрі жоспарлы жұмысының айғағы.

Біздің басты мақсатымыз – тыйым салынған заттардың жастар мен қала тұрғындары арасында таралуына жол бермеу. Бұл бағыттағы жұмыс мемлекет басшылығы айқындаған профилактикалық басымдықтар мен “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында алдағы уақытта да жалғасын табады, — деді Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл