| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ішкі істер министрлігі қылмыстық топтардың қызметін тоқтату және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
27 наурыз күні Алматы қаласында жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүзеге асырылды.
Үйлестірілген әрекеттердің нәтижесінде барлық күдікті анықталып, ұсталды. 17 санкцияланған тінту жүргізілді.
Заңсыз айналымнан атыс қарулары, оның ішінде сәйкестендіру нөмірлері жоқ тапаншалар мен Калашников автоматы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді.
Жедел ақпаратқа сәйкес тәркіленген қару мен оқ-дәрілерді кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету үшін пайдалану жоспарланған.
Құқыққа қайшы әрекеттердің дер кезінде жолын кесу ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.
"Заң мен тәртіп" қағидаты сақталады: криминалдық қысым көрсету мен тұрақсыздыққа әкелетін кез келген әрекеттер заң аясында тоқтатылады.