Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттерді сату дерегі бойынша күдікті ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласы Полиция департаментінің Киберқылмыспен күрес басқармасы Бостандық аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, өткен жексенбіде өткен концертке қатысты тергеу жүргізді. Тергеу барысында күдіктінің интернет-платформалардың бірінде хабарландыру жариялап, екі жалған билет сатқандығы анықталды.
— “Заң мен тәртіп” қағидаты мұндай фактілерге жедел әрекет етуді талап етеді. Азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденуге тырысқан тұлғалар анықталып, жауапкершілікке тартылады. Осындай жағдайларға тап болмас үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан сатып алуға кеңес береміз, — деді Алматы қаласы ПД Киберқылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.