453.87
508.33
5.65
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда энергетиктердің қауіпсіздігін бақылайтын ақылды каскалар қолданысқа енгізілді
Жаңалықтар

Алматыда энергетиктердің қауіпсіздігін бақылайтын ақылды каскалар қолданысқа енгізілді

02.11.2026
0 мин
0
71
Сурет: BAQ.kz

Алматы қаласы мен Алматы облысында электр желілерін жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарымен айналысатын мамандар заманауи камералармен жабдықталған ақылды каскаларды пайдалана бастады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жаңа жүйе жұмыс барысын қашықтан бақылауға, қауіп-қатерді дер кезінде анықтауға және өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жаңа технологиялардың мүмкіндігі кеңейіп келеді. Соның бірі – электр энергетикасы саласында енгізіліп жатқан экшн-камерасы бар ақылды каскалар. Бұл құрылғылар жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі талаптарын қаншалықты сақтап жатқанын бақылауға көмектеседі.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ аталған технологияны 2024 жылы тәжірибелік жоба ретінде іске қосты. Бастапқы кезеңнен бері жоба ауқымы ұлғайып, қазіргі таңда компанияның қарамағындағы ақылды каскалар саны 268-ге жеткен.

Қазір Алматы қаласы мен облысындағы электр желілері аудандарының барлық жедел-көшпелі бригадалары арнайы жабдықпен қамтылған. Ал бригада жетекшілерін де жаңа құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

Ақылды каскалардың басты артықшылығы – жұмыс процесін нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі. Камералардан түсетін бейнежазбаларды энергетикалық нысандардың басшылары, диспетчерлер және еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандар қадағалай алады. Осылайша, жұмыс кезінде туындауы мүмкін қауіпті жағдайларды ертерек байқап, қажет болған жағдайда жұмысты тоқтату жөнінде нұсқау беруге болады.

Бұдан бөлек, түсірілген материалдар жүйелі түрде қаралып, қауіпсіздік ережелерін бұзу деректері талданады. Анықталған кемшіліктер бойынша қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары өткізіліп, қосымша нұсқамалар ұйымдастырылады.

Мамандардың айтуынша, мұндай цифрлық шешімдер еңбек тәртібін нығайтып қана қоймай, өндірістік жарақаттанудың алдын алуда да маңызды рөл атқарады. Ақылды каскаларды пайдалану арқылы компания жұмысшылардың қауіпсіздігін бақылаудың жаңа деңгейіне көтеруді көздеп отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл