477.17
543.26
6.01
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда есту қабілеті бұзылған балаларды сүйемелдеуге арналған трекинг-орталық ашылды
Жаңалықтар

Алматыда есту қабілеті бұзылған балаларды сүйемелдеуге арналған трекинг-орталық ашылды

29.07.2026
мин
0
164

Алматы қаласындағы №5 қалалық клиникалық ауруханада Қазақстандағы алғашқы аудиологиялық скринингті сүйемелдеуге арналған трекинг-орталық іске қосылды. Сонымен қатар есту қабілеті бұзылған пациенттердің бірыңғай тіркелімін енгізуге бастау берілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл жобалар Сурдология бойынша құзырет орталығының базасында жүзеге асырылып жатыр. Жүйе бұған дейін «Мен естимін» пилоттық жобасы аясында сынақтан өтіп, өзінің тиімділігін көрсетті. Пилоттық кезеңде Алматы қаласының үш перзентханасы, үш медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымы және екі сурдологиялық кабинет қамтылды.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың айтуынша, алдағы уақытта қаладағы барлық перзентханалар мен алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары кезең-кезеңімен жаңа жүйеге қосылады. Бұл балалардың есту қабілетіндегі бұзылыстарды ерте анықтап, оларды емдеу мен оңалтудың бірыңғай бағытын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Мен естимін» жобасы аудиологиялық скринингтен бастап диагноз қою, емдеу, есту аппараттарымен қамтамасыз ету және оңалтуға дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Жобаның негізгі тетігі – трекинг-орталық. Ол нақты уақыт режимінде скрининг нәтижелерін қабылдап, «жасыл дәліз» қағидаты бойынша қосымша тексерулерді ұйымдастырады және есту қабілеті бұзылған балаларды үздіксіз бақылауда ұстайды.

Жобаның нәтижелері де оң көрсеткішке ие. 2026 жылдың басынан бері толық естімейтін 11 бала дер кезінде анықталып, олардың барлығына кохлеарлық имплантация жасалды. Қазіргі уақытта балалар оңалту курсынан өтуде.

Жоба толық іске қосылғаннан кейін жыл сайын 90 мыңнан астам бала аудиологиялық мониторингпен қамтылады деп жоспарланып отыр. Бұл есту қабілетінің ауыр бұзылыстарын өмірінің алғашқы жылында анықтап, емдеуді уақытылы бастауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге есту қабілеті бұзылған пациенттердің бірыңғай тіркелімі енгізіледі. Жаңа жүйе балалар мен ересектер туралы мәліметтерді бір базаға жинақтап, диагностикадан бастап емдеу және оңалту кезеңіне дейінгі медициналық көмекті тиімді үйлестіруге жол ашады.

Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері №5 қалалық клиникалық аурухананың Сурдология бойынша құзырет орталығы МӘМС аясында есту қабілетін жақсартуға бағытталған 200-ден астам операция жасап, 400-ден астам пациентке есту аппараттарын алуға жолдама берген. Қазіргі таңда орталық Қазақстанның барлық өңірінен келген пациенттерге мамандандырылған көмек көрсетіп келеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл