| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда 20 жастағы жігіт ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен ұсталды. Құқық қорғау органдары оның интернет арқылы жұмыс істеп, төлемді криптовалюта түрінде алғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті интернет-дүкеннің мүддесі үшін есірткі таратумен айналысқан. Жеке тінту барысында одан 127 орам мефедрон және таратуға дайындалған шамамен 2 мың «экстази» таблеткасы табылды. Сонымен қатар, оның тұрғылықты жерін тексеру кезінде тағы да шамамен 1 келі синтетикалық есірткі тәркіленген.
Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 2,5 келіні құрады. Мамандардың бағалауынша, бұл көлем 6 мыңға жуық бір реттік дозаға тең.
Тергеу деректеріне сәйкес, ұсталған азамат заңсыз қызметі үшін төлемді криптовалюта арқылы алып отырған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.