Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
АЛМАТЫДА «JAS GALA» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
Жаңалықтар

АЛМАТЫДА «JAS GALA» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

15.12.2023
мин
0
680

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен «Jas Gala» шығармашыл жастар фестивалі бастау алды.

Байқаудың мақсаты – шығармашыл, дарынды және талантты жастарды анықтау және олардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету, адамгершілік құндылықтарды, жоғары эстетикалық және интеллектуалдық талғамын қалыптастыру.

Фестиваль бес бағыт бойынша өтеді: вокал, хореография, мобилография, аспапта орындау, театр. Арнайы белгіленген кесте бойынша әр бағыттың іріктеу, жартылай финал кезеңдері өтетін болады. Фестиваль аясында қатысушыларға мастер-класстар мен мотивациялық кездесулер ұйымдастырылады. Фестивальде Алматы қаласының ЖОО студенттері бақ сынайды. Байқау нәтижесінде «Үздік ЖОО» анықталатын болады.

Сонымен қатар, тұңғыш рет Алматылық ЖОО орындары арасында «Ең үздік студенттік топ» анықталады. Студенттік топтар арнайы өтініш жіберіп портфолио жинайды. Екінші кезеңге студенттік топтар әлеуметтік жобаларын қорғайтын болады.

Фестивальдің жалпы жүлде қоры – 8 000 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталатын болады.

Фестивальде мәдениет майталмандары мен өнер жұлдыздары, қоғам қайраткерлері қазылық етеді. Байқау 23 желтоқсанға дейін жалғасады.

«Бүгінгі таңға дейін Алматы қалаының 20-дан астам ЖОО студенттерінен өтінімдер келіп түсті. Жекелеген номинациялар бойынша қатысушылар бақтарын сынап, өнерлерін көрсететін болады. Байқау нәтижесінде жеңімпаздар ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады» - дейді жоба ұйымдастырушысы Қадырбек Бауыржанұлы.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл