| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Алматыда бұрынғы колония басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс бойынша ұсталды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әділет полковнигі Әкімбай Бекзат Балтабайұлы қызметтік кабинетінде ұсталған.
- Ол Алматы қаласындағы ҚАЖД-ның №13 ең төменгі қауіпсіздік мекемесінің басшысы қызметін атқарған, – делінген хабарламада.
ІІМ ҚАЖК Tengrinews тілшісіне берген ақпаратқа сәйкес, ол ұсталған сәтте ішкі істер органдарының қызметкері болмаған.
- Құзырлы органдар күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады және тергеу жүргізіп жатқан органдарға барынша көмек көрсетеді, – деп мәлімдеді ҚАЖК.