Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматының Әуезов ауданындағы Аманжол көшесінде нөсер жауыннан кейін жол бөлігі опырылды. Оқиға салдарынан оннан аса көлік зақымданды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, бұл учаскеде бұған дейін инженерлік желілер жүргізілген. Асфальтбетон жамылғысын қалпына келтіру газ құбыры төселген соң жасалуы тиіс еді. Алайда жауын суы көшеге жиналып, жол төсеміне қосымша салмақ түсірген.
Қазір көше жабылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым көлік иелеріне келген шығынды толық өтейтінін мәлімдеді.