Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда Олимпиада жүлдегерлеріне жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Жаңалықтар

Алматыда Олимпиада жүлдегерлеріне жаңа пәтерлердің кілттері табысталды

02.05.2025
1 мин
0
200
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Париж Олимпиадасында жүлде алған спортшыларға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жалпы бес спортшы баспаналы болды. Спорттық гимнастикадан күміс жүлде иегері Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтер берілді. Ал қола жүлде алған боксшы Назым Қызайбай мен нысана көздеуші Ислам Сәтбаев бір бөлмелі пәтерлердің иесі атанды.

Сондай-ақ, қола медаль иегерлері дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен мерген Александра Ле шетелдік жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатқандықтан, пәтер кілттері оларға Алматыға келген соң табысталады.

Еске салайық, 2024 жылғы 20 тамызда Алматы әкімдігінде Олимпиада жүлдегерлерімен салтанатты кездесу өтіп, спортшыларға ақшалай сертификаттар, автокөлік кілттері және тұрғын үй алуға арналған арнайы сертификаттар берілген болатын.

Әкімдік өкілдері пәтер кілттерінің не себепті кейін табысталғанын да түсіндірді.

- Тұрғын үй мәселесіне қатысты айтсақ, жүлдегерлерге берілген сертификат — титулды спортшыларды баспанамен қамту тетігінің алғашқы кезеңі. Сертификаттар табысталған соң, тұрғын үйді сатып алу рәсімі басталды. Бұл – жеке бюджетті қалыптастыру, тендер өткізу, келісімшарттар жасау сияқты бірнеше сатыдан тұратын, заңмен реттелген мемлекеттік сатып алу процесі. Ол белгілі бір уақытты талап етеді. 2025 жылдың 9 қаңтарында барлық қажетті рәсімдер аяқталды. Пәтерлерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы аралықта спорт басқармасы өкілдері әр спортшымен байланыста болып, кілттерді тапсыру уақытын жеке-жеке келісті, – делінген ресми хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл