Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда қоғамдық орында түкірген 70-тен астам адамға 433 мың айыппұл салынды
Жаңалықтар

Алматыда қоғамдық орында түкірген 70-тен астам адамға 433 мың айыппұл салынды

19.09.2023
1 мин
0
761

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Жыл басынан бері «102» қосымшасы арқылы азаматтар 10 мыңға жуық хабарлама жолдаған. Ең жиі кездесетіні – адамдардың қоғамдық орындарда түкіруі. Алматыда полицейлер 11-15 қыркүйек аралығында қоғамдық орындарды ластаудың 257 дерегін анықтаса, оның 71-і – көшеге түкіргендер. Айыппұл сомасы 433 мың теңгені құрады»,– деді Ержан Ұзабаев.

Оның айтуынша, қоғамдық орындарда түкіргендер ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен жазаланады.

«Ұсақ бұзақылықпен ұштасқан санитарлық нормаларды бұзу – осы құқық бұзушылықтарды жасаған жекелеген азаматтардың қоғамдық орындарда тәрбиесі мен өзін-өзі ұстау мәдениетінің төмендігінің жемісі саналады. Сонымен қатар қоғамды сыйламаушылық пен қоршаған ортаға менсінбеушілік танытады. Бұзушылыққа жол берген адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді Жергілікті полиция қызметінің басшысы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
294
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл