| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                23 желтоқсанда Медеу ауданындағы Назарбаев даңғылы бойындағы жылу трассасында апат болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
“Алматы жылу желілері” ЖШС мәліметінше, құбырдың тозуы апатқа себеп болған. Зардап шеккен құбыр 1984 жылы пайдалануға берілген.
Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, апат салдарынан Сәтбаев – Достық, Тайманов көшелері мен Самал 1, 2, 3 ықшам аудандарындағы тұтынушыларға жылу беру уақытша шектелді.
- “АЛТС” ЖШС жөндеу-құрылыс қызметі апатты жою бойынша жедел жұмыс жүргізуде. Жылу 24 желтоқсан күні сағат 01:00-ге дейін қалпына келтіріледі деп жоспарлануда, – делінген хабарламада.