457.21
534.62
6.08
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда «SanaQ» зияткерлік шоуының жеңімпаздары анықталды
Жаңалықтар

Алматыда «SanaQ» зияткерлік шоуының жеңімпаздары анықталды

29.04.2026
мин
0
48

Алматыдағы жоғары оқу орындары студенттері қатысқан «SanaQ» зияткерлік ойыны мәресіне жетіп, үздіктер анықталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Алматы қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған «SanaQ» зияткерлік шоуы өз қорытындысын шығарды. Білім додасына қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды.

Жоба Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтті. Ойынға түрлі этнос өкілдерінен құралған командалар қатысып, бұл бастама жастар арасындағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталды.

Интеллектуалды сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Іріктеу кезеңінде 16 жоғары оқу орнының студенттері бақ сынап, үздік шыққандар финалға жолдама алды. Шешуші кезеңде төрт университеттің командалары өзара мықтыны анықтады.

Финал екі бөлім бойынша өтті: алғашқысы – білімге негізделген сұрақ-жауап турлары, екіншісі – қатысушылардың шығармашылық қабілетін көрсететін кезең. Қазылар алқасы құрамында мәдениет өкілдері мен қоғам қайраткерлері болды.

Нәтижесінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің командасы бас жүлдені иеленді. Бірінші орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, екінші орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, ал үшінші орынды М.Тынышпаев атындағы ALT университеті жеңіп алды.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба жастардың білімге қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл