Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр
Жаңалықтар

Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

20.01.2025
мин
0
141
Алматы әкімдігі

Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр. Бұл туралы Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл жолы Черновицкая көшесі, 10 мекенжайында орналасқан үш қабатты нысан бұзылуда. Бұл туралы Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы хабарлады.

Меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен – СЖТ, эскиздік жоба келісімі, жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған. Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Кейін Алматы қаласының Жетісу аудандық соты басқарманың талап-арызы негізінде 2023 жылы 7 қыркүйекте заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді бұзу туралы шешім шығарды. Нысан меншік иесінің ерікті түрде, сот орындаушыларының қатысуымен бұзылып жатыр.

Еске сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 63 заңсыз нысан, соның ішінде "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және басқа да нысандар толық немесе жартылай сүрілген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл